Нұр-Сұлтанда қарақшының қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда сыртқы бақылау камералары қарақшының қызға шабуыл жасаған сәтін түсіріп алды. Қаскүнем жәбірленушіні жерге құлатқан, олардың арасында күрес басталды. Қызды көршілері құтқарып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызға түнгі сағат 02.00-де аулалардың бірінде шабуыл жасаған. Жұмыстан оралғанда, ол таксиге мініп, үйдің кіреберісіне қарай жүрген. Осы кезде жігіт оған тап берген. Оның қолынан ұстап, жерге құлатып, iPhone X телефонын алуға тырысқан.
Қыздың айқайлаған даусына көршілері жүгіріп шыққан. Тәртіп сақшылары шабуылдаушыны анықтап, ұстады.
"Ол 24 жастағы рецидивист болып шықты. Ұсталған азамат осындай қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті бойынша "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомствода.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді