Біртановтың үйқамақтағы мерзімі тағы ұзартылды
Нұр-Сұлтанның ауданаралық соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ жазасын 2021 жылдың наурыздың соңына дейін созу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы экс-министрдің қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлім етті.
"Тергеу амалдарына сәйкес, 2021жылдың 12 ақпанында сот Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін наурыз айының соңына дейін созды", - деді адвокат.
Бұған қоса, ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың іске араласуын сұрап, хат жібергенін алға тартты.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері араша түскендіктен ол үйқамаққа ауыстырылған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
