Қазақстанда вакцинацияның электрондық паспорты енгізіледі
Елімізде вакцинацияның электрондық паспорты енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы.
"Мемлекет басшысының иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR - кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық паспорты әзірленуде. Вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады", - дейді Шоранов.
Бұл вакциналанған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге болады.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті