Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкжайлаудан сырғанамақ болған ер адам, жарақат алды

Көк-Жайлауда құтқарушылар сырғанақ тебемін деп тобығын сындырған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылдың 3 қаңтарында сағат 15.40-та диспетчерлік орталыққа 1997 жылы туған ер адам аяғын сындырып, қозғала алмайтындығы туралы хабарлама келді. Оқиға орнына сегіз адамнан тұратын жедел топ барды.  Жәбірленуші және оның екі досы 300 метрдей жерде орналасқан Көк-Жайлау шыңына жетпей тоқтаған", - делінген хабарламада.



1997 жылы туылған адам үлкен жылдамдықпен төмен сырғанап, тасқа соғылған. Салдарынан сол аяғының тобығы сынған.

Құтқарушылар сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, адамдардың бойын жылытып, жылы киімдер берген. Артынша жарақат алған адамды тасымалдауды бастады. Зардап шеккендерді тасымалдау кезінде жолдың ылғалдылығынан біраз қиындықтар туындады. Соған қарамастан, жараланған адам шатқалға іргелес, шлагбаум жанында тұрақта күтіп тұрған Апаттар медицинасы орталығының командасына аман-есен тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 10 жастағы қыз сырғанақ тебемін деп көз жұмғаны айтылған еді. 

Талқылау