Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында сырғанаққа барған әйел омыртқасын сындырды (видео)

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны сырғанақ тебемін деп омыртқасын сындырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

каток

Оқиға түсірліген видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада өзінің демала алмай қалған әйелдің айналасында жиналғандар байқалады. Жазбаға сенсек, сырғанақта сырғанамақшы болған әйел абайсызда құлап кетіпті. Соның салдарынан жарақат алып, омыртқасын сындырған.

"Тұрғын омыртқасы сынып, басқа да жарақат алғандықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір ол тиісті ем қабылдауда", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Айта кетейік, Жаңаарқа ауданында орналасқан бұл сырғанықты жергілікті тұрғын жасапты. 

"Бұл сырғанақты көптің өтінішімен жергілікті тұрғын өз қалтасынан ақша шығарып жасаған. Әкімдік қағаз түрінде рұқсат бермеген. Оқиғада кейін сырғанақты жасаған азаматпен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда сырғанақ шарттарға сәйкестендірілді", - деді әкімдіктегілер. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 10 жастағы қыз сырғанақ тебемін деп көз жұмғаны айтылған еді. 

Талқылау