"Қазақтың қонақжайлылығын, кең байтақ даласын көрсетсін": Алматыда наразы жұрт Боратты табытқа салды

Алматылықтар АҚШ-тың бас консулдығының алдында "Борат-2" фильмінің көрсетіліміне қарсы пикетке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Борат

Наразылық шарасын "Адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету" қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. 

"Америкадағы қазақтан қорланбасын", "Елтаңба, ту, мемлекеттік рәміздер біздің меншігіміз", "Нәсілшілдікті тоқтатыңыз", - деп наразалық білдірді жиналған топ.

Қолдан жасаған табыттың өзінде Америка Құрама Штаттарының туымен жабылған Бораттың фотосуреті орналасқан.

"Фильмде көрсетілгендердің бәрі Америкада болады. Осыған қарамастан, Америкада тұратын қазақтардың кемсітуін, нәсілшілдігін көрсететін фильм шығарылады. Тіпті Трамп Боратты сынағанымен, оған өз елінде тыйым салмайды", - деді шараның ұйымдастырушысы Сұлубике Жақсылықова.

Олар Бораттың суретін табытқа салып, үстіне АҚШ туын қойып жерледі. Егер Бораттың "қазақты қорламадым" деген сөзі рас болса, онда фильмді жойсын, дейді наразалық білдіргендер.

Бір сәтте көрермендер: «Саша, өл, фильмнің барлық актерлері өлсін» деп ұрандата бастады. Осыдан кейін олар «марқұмға» жылауға еліктеді.
"Борат" екі елдің арасына от салып, қазақтың намысына тиді. Біз қарапайым халықпыз. Кино түсіретін болса, қазақтың қонақжайлылығын, кең байтақ даласын көрсетсін", - десті жиналғандар.

Наразылық білдірушілер петицияға қол қойып, оны АҚШ-тың Алматыдағы елшілігіне тапсырмақ болды.

Еске салсақ, осыған дейін де бір топ адам АҚШ елшілігі алдында жиналып, "Борат-2" фильмінің жарыққа шығуына наразылық білдірген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр