Алимент төлемеген азамат Алматы орталығындағы элиталы пәтерінен айырылды
Алматыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың Абай даңғылындағы пәтері тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жалақының және өзге де табыстың барлық түрлерінің төрттен бір бөлігі мөлшерінде алименттерді ай сайын өндіріп алу туралы атқару құжатын берген.
Азаматтың баласы алдындағы жалпы қарызы 2 323 066 теңгені құраған кезде жылжымайтын мүлік сатылды.
"Сатып алу-сату шартына сәйкес тыйым салынған жылжымайтын мүлік 20 484 149 теңгеге сатылды. Төлем тапсырмасына сәйкес алимент бойынша берешек өндіріп алушыға 2 323 066 теңге аударылды", - деді қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметінде.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда алимент төлемегені үшін ер адамнан 2020 жылғы Toyota Land Cruiser Prado көлігі тәркіленгені хабарланған.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі