Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алимент төлемегені үшін: Елорда тұрғыны жап-жаңа Toyota Prado көлігінен айырылды

Нұр-Сұлтанда алимент төлемегені үшін ер адамнан 2020 жылғы Toyota Land Cruiser Prado көлігі тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Автокөлікті тәркілеу куәгерлердің, полиция бөлімінің қызметкерлерінің, сондай-ақ жеке сот орындаушысының қатысуымен өтті. Азамат А.-дан балаға алимент төлеу бойынша жалпы қарыз 7 450 000 теңгені құрайды, борышкер 2019 жылдан бері төлемейді.

"Борышкер полиция бөлімінің қызметкерлеріне барған жоқ. Автокөлік тәркіленгенге дейін азамат А. сот орындаушысына жұмыс орнынан 40 000 теңге алатыны туралы анықтаманы ұсынған. Біз өзімізге логикалық сұрақ қоямыз, кірісі 40 000 теңге болса, (бұл 1 ЕТЖ-дан аз!), 2020 жылы шыққан Toyota Land Cruiser Prado маркалы автокөлігін сатып алуға болады, бұл ретте өз баласына алимент төлей алмай ма? Мәлімет үшін, мұндай көлік нарықта 28 000 000 теңгеден астам тұрады", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Рәсім бойынша тәркілеуден кейін Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, енді көлік құралын бағалауды күтіп, аукционға шығару қажет.

"Осылайша, бірінші кезекте борышкер өз баласының алдындағы қарызын төлей алады.  Баланың алименті борышкерге жүктелгенін еске салғым келеді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қарыздарыңыз бен алименттеріңізді уақытында төлеңіздер", - деп түйіндеді Мадина Жанасаева.

Талқылау