"Қанға ұқсайды": Алматы маңындағы өзен кенет қызыл түске боялды
Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы өзен қызыл түске боялды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қанға өте ұқсас", - деп, видео түсірген халық судың қою қызыл түсіне таңқалған.
Қарасай ауданының әкімдігі мәселені анықтап, өзеннің не себепті қызыл түске боялғанын түсіндірді.
"Қала тұрғынының белгісі бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына барды. Жақын маңдағы аумақты және айналаны тексергеннен кейін бұрын мал сойған жеке үй табылды. Олар қалған қанды өзенге құйған. Бұған жол бермеу мақсатында белгіленген үйдің тұрғындарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Қазіргі кезде өзендегі судың сапасы қалыпқа келді", - деп хабарлады әкімдік.
Еске салсақ, Алматыдағы өзен сабынды көбікке толып қалған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді