Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың жолын қуды: Өзбекстан президенті Сума Чакрабартиді өзінің кеңесшісі етті

Еуропалық қайта жаңғырту және даму банкінің экс-басшысы, жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі атанған Сэр Сума Чакрабарти енді Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Чакрабарти

Бұл туралы Сума Чакрабарти Twitter-де жазды. 

"Мен өте қуанып отырмын. Өзбекстан президенті мені экномикалық даму, тиімді басқару және халықаралық серіктестік жөніндегі кеңесшісі қылып тағайындады. Алдағы уақытта оған мемлекеттік реформаларды іске асыруға қуана көмектесемін", - дейді Чакрабарти. 

Еске салайық, бұған дейін ол Тоқаевтың экоммикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын иеленген еді. Сонымен қатар, Чакрабарти Қазақстандағы реформа жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары атанды. 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2020 14:41
Талқылау