Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы бекітілді

Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрамы бекітілді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев

Жарлықтағы тізім:
Қасым-Жомарт Тоқаев - төраға;

Сэр Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары.

Кеңес мүшелері:

Асқар Мамин, премьер-министр;

Ерлан Қошанов, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы:;

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы;

Қайрат Келімбетов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;

Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрайымы;

Әсет Исекешев, президенттің көмекшісі - қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

Тимур Сүлейменов, президент әкімшілігі басшысының орынбасары;

Тимур Құлыбаев, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы.

Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес 2020 жылғы 14 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен құрылды. Ол стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің және басқа да мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қараумен және бекітумен айналысады.

Талқылау