Президент реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес құруға қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент жарлығында.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды