Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар полиция департаментінің коронавирус туралы хабарламасына шағымданды

Телекөрермендер коронавирус туралы роликтің көрсетілу уақытына шағымданып жатыр. Тұрғындар полиция департаменті бір ақпаратты теледидардан да, радиодан да қолайсыз уақытта көрсететінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Құрметті, алматылықтар! Назар аударыңыз" деген тіркестер қала тұрғындарына бұрыннан таныс. Коронавирустың қаупі туралы хабарлама теледидар мен радиодан күніне бірнеше рет дыбысталады. Халықты сақтандыру үшін полиция департаменті эфирлік уақытты кесіп тастайды. Олардың сөзінше, азаматтарды қорғау заңы бойынша, хабарлама жасауға болады. Алайда заңда бұл туралы нақты ешнәрсе жазылмаған. Эфирде хабарламаның шығу уақытын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев басшылық ететін ведомствоаралық комиссия нақтылайды. Егер карантин жеңілдетілгенге дейін бұл ролик 10 рет көрсетілсе, қазір әлдеқайда аз. 

"Жағдай тұрақтанған кезде, шамамен шілденің соңынан бастап тек алты рет көрсетілетін болды. Хабарламаны қазір де таратып жатырмыз. Өйткені, әлі де эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауға алынған. Эфирлік уақытты ескере отырып, телерадиоарналарға хабарлама беріп жатырмыз", - дейді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Гүлдана Нұрымбетова. 

Телевидение уақытында бұл - прайм-тайм деп аталады. Яғни теледидарды көп адам көріп отырған уақыт. Қазтелерадиосындағылардың сөзінше, хабарлама жасалған кезде эфирді Алматы полиция департаменті басқарады. Олардың құрылғысына телеарна жауап бермейді. Ал хабарламаның көрсетілу уақытын әкімшілік бекітеді. 



"Алмалсыздан тыңдаймыз", "Бір нәрсені қайта-қайта айта береді", "Жаңарту керек қой", "Тіпті әсер етпейтін болған", - деп шағымданы тұрғындар. 

Ал көпшілікпен байланыс саласының мамандары хабарламаны жаңғыртып отыру керек екенін айтады. 

"Мен мұндай көк түсті алып тастау керек деп ойлаймын. Әлдеқайда қызығырақ қылып өзгерту керек. Инфографика, анимация жасауға әбден болады. Бір нәрсені қайталап көрсету адамдарға мүлдем әсер етпейді деп ойлаймын", - дейді Әсел Қарауылова.

Халық кейбір кезде маңызды жаңалық тыңдап отырғанда да хабарлама шығып алады деп ашулы. Олардың сөзінше бұл хабарламаның ешқандай әсері жоқ. 

Талқылау