33 адам көз жұмды: Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық екі есе артқан
Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық екі есе артқан. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Мәтжан Арман Балтабайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Арман Балатабайұлы нақты статистикалық деректермен бөлісті. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 33 өлім жағдайы тіркелген.
"2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін 5 тамыз аралығында 241 тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық іс тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 41,7 пайызға көп. Биылғы жыл бойынша 33 өлім тіркелді", - дейді ол.
Дегенмен, аға тергеуші нақты зорлық-зомбылықтың қандай түрлері жасалғанына жауап бермеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды