Грузияның Қазақстандағы елшісі коронавирус жұқтырды
Грузияның Қазақстандағы елшісі коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Абашидзеде COVID-19 инфекциясы анықталды.
Абашидзе қазақстандық дәрігерлердің бақылауында емделуде, оған грузиялық дәрігерлер де қашықтықтан кеңес беріп жатқан көрінеді.
Дипломат ауруханада ем қабылдап жатыр ма жоқ үйде жатыр ма белгісіз. Оның жағдайы туралы да нақты ақпарат жоқ.
Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар науқастардың жалпы саны (19 маусымдағы жағдай бойынша) 16 351 адамға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан да коронавирус анықталған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"