Коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалған қазақстандықтарға өтемақы қалай төленеді
Ақысыз еңбек демалысына жіберілген қазақстандықтарға мемлекеттік сақтандыру қорынан ақша төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
"Өтемақыны Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына шығуына тура келген азаматтар ала алады", - деді министр.
Өтемақының көлемі 42 500 теңгелік айлық есебін құрайды.
"Төлемақы егер азамат үшін қоғамдық сақтандыру қорына соңғы 12 ай көлемінде кемінде үш ай үзбей ақша аударылып тұрған болса жасалады. Әлеуметтік жәрдемақы тек орта, шағын және микробизнес өкілдеріне ғана қатысты", - деп қосты Абаев.
Өтемақыға қол жеткізу үшін жұмыс беруші тарап жергілікті жұмыспен қамту органдарына тиісті құжаттармен жолығуы керек. Бұл құжаттарда жұмыскердің расымен де төтенше жағдай кезінде еңбекақысыз қалғандықтарын дәлелдейтін деректер көрсетілуі тиіс.
"Сөз болып отырған дүние - ақысыз еңбек демалысына жіберу туралы бұйрық пен жұмыскерлердің тізімі көрсетілген құжаттар. Жұмыс беруші тараптың тапсырысы бойынша жұмыспен қамтумен айналысатын жергілікті бөлімшелер қолдау көрсету туралы шешім шығарады. Ал "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекет тарапынан ақша бөлінетін қызметкерлердің тізімін құрастырып шығарады", - деді Абаев.
Министр өтемақының еңбек демаласында жатқандарға төтенше жағдай уақытына сәйкес төленетіндігін алға тартты.
Бұған қоса жаңа заңға сәйкес жұмыстан шығып қалған азаматтар да жәрдемақыға ие бола алады.
"Соңғы 24 ай көлемінде қоғамдық сақтандыру қорына үзбей төлемақы жүргізген жұмысынан айрылыған азаматтар бірден алты айға дейін өтемақыға ие бола алады. Тұрақты кірісінен айырылған азаматтарға жалақысының 40 пайыздық мөлшері көлемінде жәрдемақы төленеді. Жұмысынан босатылған қызметкерге жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз екендігін айтып, тіркелсе болғаны. Сонда әлеуметтік жәрдемақы автоматты түрде табысталады", - деді Абаев.
Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі науқас аурудан жазылғандығын мәлім еткен еді.