Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі науқас аурудан айықты

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі науқас жазылып шықты. Олар ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

больница

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы - жағымды, қуанышты жаңалық. Ертең коронавирустан сауыққан екі науқас ауруханадан шығарылады. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Олардан тағы сынама алынады. Бұл біздің алғашқы жеңісіміз деп айтсақ болады», - дейді Абаев. 

Министр еліміздің билігі мен халықтың атына талмай еңбек етіп жатқан дәрігерлер мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

«Баршамызға белгілі, әрбір маман үшін ең бастысы - еңбегінің жемісін көру», -деп қосты министр. 

Еске салайық, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам коронавирус жұқтырған.  Жалпы  Қазақстан бойынша 80 науқас тіркелген.

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды

Өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады

«Бір тойдан миллион таптым»: Асаба Нұржан Аташ тойдан алатын гонорары туралы

Асаба: 4 жыл ақша жинап, үлкен үй алдым

Шығыс Қазақстан облысының әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Даниал Ахметов өзінің жаңа бірінші орынбасарымен таныстырды

Шымкент карантинге жабылады

4 сәуірде 21:00-ден бастап Шымкентте карантин енгізіледі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз
Çàãðóçêà...