Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ коронавирус анықталған мемлекеттерде қанша адам жүргендігін айтты

Сыртқы істер минитрі Мұхтар Тілеуберді коронавирус індеті тіркелген елдерде 95 мың қазақстандық азамат жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

"Қолымыздағы ақпарат бойынша инфекция өршігіп тұрған аймақтарда 95 қазақстандық азамат жүр. Олардың 35 мыңы - Оңтүстік Кореяда, 40 мыңы - АҚШ-та, 5100 - Біріккен Араб Әмірліктерінде , Германияда - 5000, үш мыңы - Ұлыбританияда , Италияда - 1800, мыңы - Францияда жүр. Шетелдегі азаматтар - студенттер, еңбек мигранттары, елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы, туристер және кәсіпкерлер", - деп мәлімдеді Тілеуберді. 

Оның сөзінше, егер аталған мемлекеттердегі жағдай ушығатын болса, Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялауға дайын көрінеді. Бұған қоса министр ауру жұқтырғанадардың арасында қазақстандықтардың жоқ екенін ашып айтты. 

Атап кетерлік жайт, бүгінгі күні коронавирус Әзірбайжан, Армения, Катар, Эквадор, Монако және Ирландиядан анықталып отыр. 

 

 

Талқылау