AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Асқар: Анам бала күнімде менімен етеккір мен секс жайлы сөйлескен емес

Актриса әрі модель Әсел Асқар қыз бен аналардың қатынасы жайлы айтты. Қызымен ашық тақырыпта сөйлеспейтін аналарды айыптады. Өз өмірін мысал ете отыра, төсек қатынасы туралы ой өрбітті. 

Әсел Асқар: Анам бала күнімде менімен етеккір мен секс жайлы сөйлескен емес

"Бала күнімнен есімде қалғаны, бірде ата-анаммен бірге Том Круз ойнаған фильм көрген едік. Кинода төсек қатынасы бар кадрлар көрсетілгенде менің бетімді жапты. Көпшілігінде осындай жағдай болған шығар деп ойлаймын. Кейбіреуін бөлмеден шығарып жіберетін.

Ал, кейін анам бұл тақырыпта менімен сөйлесуге қорықты. Бұл ұят деп саналды. Маған бұл тақырыпта әңгіме айтуға ерте деп ойлады. Жылдар өтіп, бұл тақырып жұмбақ күйнде қалды. Анамның етеккір жайлы айтқаны, баланың қалай пайда болатыны, ер мен әйелдің қалай ұйықтайтыны, жыныстық қатынас деген не екенін айтқаны есімде жоқ.

Кейін мектепте үзіліс кезінде қыздардан естіп жүрдім, ешкім жоқта киноларды көріп жүрдім, алғашқы сүйісу болды, кейін балалар мақтанышпен көрші мектептегі қыздармен болған алғашқы қатынастары жайлы айтып жүрді", - деді Әсел Асқар.

Актрисаның айтуынша, қыз бен анасы ерте жастан ұят саналатын тақырыпта ашық сөйлесу керек. Осылайша балаларды сақтаныру керек.

"15 жылдан соң мен неге бұлай болды деп ойлана бастадым. Қазір де аналары қыздарға бұл жайлы айтпайды. Олар бөкселерінен де қысылып, басқаша жүреді. Қатты айқайлап жылауға тыйым салады. Жеке өмір жайлы мүлде айтылмайды. Өзінің е адамына сүйікті болу қалай болады? Осыдан  соң өз келбетіне, әйелдік сұлулығына қалай көңіл бөледі? Осыдан кейін әйелдер тренингке барып, психологтарға жүгініп өздеріне сенімсіз болады. Біздің менталитетке сай осындай қысымнан соң төсек қатынасы жайлы қандай әңгіме болсын. 

Қыздарыңызбен жасөспірім шағынан секс туралы айтуға қорықпаңыздар. Сақтанбаған секс кезіндегі  қауіп жайлы айтуға қысылмаңыздар. Ашық сөйлесіңіздер. Қызыңыз сізге бәрін ашық айтуға ұялмайтын болады. Құрбы секілді қарайды. Төсек қатынасының - күнә емес екенін, оның басынан да өтетінін айту керек", - деді актриса.

"Біз мұсылманбыз, жыныстық қатынасқа қауіпсіз түсу туралы емес, түспеу керегін айту керекпіз", "Сізбен келісемін, ерте бастан ашық сөйлесіп үйрену керек", "Сіз сондай жиіркеніштісіз", "Дұрыс айтасыз, қыз баланың қандай болып өсетіні тәрбиесіне байланысты", - деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр