Денсаулық сақтау вице-министрі Қордайда зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккендердің денсаулығының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 ақпанда медициналық көмекке 165 адам жүгінді. Олардың ішінде 140 адам оқиға орнындағы, ал 25-і Қырғызстандағы медициналық мекемеге жүгінген.
115 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді. Яғни, тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін көмек. Ауруханаға жатқызылғандардың 30-ы тұрақты, 8-і өте ауыр жағдайда, қайтыс болғандар саны 8, тағы екеуі ауруханаларда қайтыс болды», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, зардап шеккендер ішкі ағза жарақаттарынан қайтыс болған.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қордайдағы тәртіпсіздіктер салдарынан 11 адам көз жұмды деп хабарланды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
