Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін басқаша есептейтін болды
Арнайы тексеріс кезеңін қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтіліне қосу ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары Марат Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Арнайы тексеріс жүргізу мерзімін мемлекеттік қызмет өтілі құрамына қосу ұсынылады. Бұл адамдардың іс жүзінде қызметтік міндеттерін атқаратындығына байланысты. Олар мемлекеттік қызметшілер ретінде барлық шектеулерге ұшырайды. Алайда бұл жұмыс уақыты мемлекеттік қызмет өтіліне есептелмейді, жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде бұл теріс әсер етеді», - деді Марат Дәуешов Мәжілісте мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің таныстырылымында.
Бұған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жергілікті атқарушы органдарға жіберуді ұсынған болатын. Мемлекеттік қызметке қабылданғаннан кейін қызметкерлердің талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар