Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады
Bek Air апаттан кейін тоқтатылған рейстердің билеттері үшін жолаушыларға ақшаны қайтару туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды .

«Билеттердің құнын толықтай қайтару үшін билеттерді сатып алу орнына хабарласыңыз. Егер әуекомпанияның веб-сайтында билеттер сатып алынған болса, [email protected] электрондық поштасы арқылы қайтаруды сұрау керек. Қазіргі уақытта техникалық қиындықтарға байланысты қайтару мүмкін емес. Алайда қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемелер орындалады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 9 ақпанға дейін жоспарланған Bek Air рейстерінің барлығының жойылуы туралы хабарланды.
Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды. Жақында апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кім ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады