Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш баланың анасын аяусыз ұрып, зорламақ болды

Алматыда құрылыста жұмыс істеген үш баланың анасын зорламақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда үш баланың анасын аяусыз ұрып, зорламақ болды

Бұл қорқынышты оқиғаның егжей-тегжейін өздерінің facebook парақшасында "Не молчи KZ" қоғамдық қорының өкілдері жазды.

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада үш баланың анасы үй-жайларды жөндеу, левкас, бояумен және ағарту жұмыстарымен айналысқаны айтылады. 29 желтоқсанның кешінде әйелді жұмысқа шақырып, жалақы алуға келуін айтқан.

"Әйел ақша аламын деп, мекемеге кетеді. Ол жерде жұмысшылардың бірі мас күйінде оны ұрып-соғып, зорламақ болады. Жұмысшының ағасы дәл осы уақытта жақын жерде болған, бұл жағдайды көріп, сыртқа шығып, ағасына көмектесу үшін есіктерді жауып тастайды. Әйел айқайлап, көмекке шақыра бастағанда оны аяусыз ұрып тастады. Ол өзінің туыстарына қоңырау шалып үлгерді. Туыстары полицияға қоңырау шалған соң тәртіп сақшылары 16 минуттан кейін келді.

Бұл кезде жәбірленуші ессіз күйде еді, күдікті оны шешіндіріп үлгерген. Полиция бөлімшесінде әйел есін жоғалтып жедел жәрдем шақырылды, аурухана барғанда тағы есінен танып қалды. Түрксіб ауданында әдеттегідей тергеуші жәбірленушімен татуластыруға тырысты, тағы да күдікті бауырлар бостандықта, тағы да зорлықтың құрбаны қудалау мен қорқытуды бастан кешуде!" - деп жазды автор.

Оқиға туралы Алматы полиция басқармасына хабарланған және іс бақылауға алынды.

Сондай-ақ, хабарламаның авторы желіде жәбірленушінің қылмыс жасалған күнгі және бес күннен кейінгі түскен суреттерін жариялады. Алматы қаласындағы ДП жақын уақытт бұл іске ресми ақпарат береді.

Талқылау