Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әкесінің қолынан көз жұмған баланың анасы: "Қандай жаза болса да бәрібір"

Өзінің өгей 2 жасар баласын өлімші етіп сабап тастаған ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы сот барысында белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс бойынша сот енді басталған. 34 жастағы Жеңіс Құрманғазинға адам өлтірді деген айып тағылыпты. 

Сот барысында күдікті басын көтермей, салбыратып отырды. Ол сұмдық оқиға орын алғаннан кейін 2 ай өткен соң баласынан айырылыған анамен кездесті. Дегенмен әйел онымен сөйлеспек тұрмақ, ер азамат отырған жаққа бұрылып та қарамады. Келіп түскен ақпарат бойынша, ащы суға сылқия тойып алған ер азамат жылап жатқан баланы жұдырықпен көндірмекші болған. Алайда алған жарақаттардың кесірінен бүлдіршін комаға түсіп, артынша көз жұмды.  


Тағы оқыңыз


"Ол өмір бойы түрмеде отырса да, бостандықта сайраңдап жүрсе де бұл жағдай менің баламды қайтадан тірілте алмайды. Оған жазаны құдай берсін. Маған оны соттан қандай жағдай арқалайтыны бәрібір. Судья қанша уақыт берсе де мен көнеімін", - деді марқұм баланың анасы Әсел Теңізбаева.   

Бұған дейін өгей әкесінің 2 жасар баласын неліктен өлімші етіп сабағаны жайлы айтылған еді

Талқылау