Невропатолог чипс пен газдалған сусынның миға зиян тұсын айтты
Невропатолог Елена Сурская чипстерде, газдалған сусындарда, энергетикалық сусындар мен ұннан пісірілген тағамдарда кездесетін көмірсулардың миға зиян екенін айтты. Маман ми жұмысын жақсарту үшін глюкозаны қандай өнімдерден алуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото huffingtonpost.ca
Дәрігер адам миы глюкозаны сақтамай, үздіксіз пайдаланатынын айтты. Әдетте адам жеген тағамнан қажетті көмірсуларды алады деп түсіндірді. Глюкозаның көзі көмірсуларда болғанымен олардың барлығы бірдей миға пайдалы емес. Ал глюкозаның артық болуы миға зиянын тигізуі ықтимал. Адам есте сақтау қабілетінің және зейінін шоғырландыру және оқу қабілетінің төмендеуіне байланысты ашуланшақ бола түседі.
"Қандағы глюкозаның шамадан тыс концентрациясына тәтті дәм беретін зиянды көмірсулар ықпал етеді. Әсіресе газдалған тәтті сусындар, энергетикалық сусындар, нан өнімдері, чипсы жаман көмірсуларға бай. Олар миға глюкозаны тез жеткізеді. Салдарынан шаршау сезімі, тәбеттің жоғарылауы пайда болады", - дейді дәрігер Елена Сурская.
Дәрігер құрамында зиян көмірсулары бар тағамдарды дәнді дақылдар, көкөністер мен жаңғақтармен ауыстыруды ұсынды. Олардың басты артықшылығы қандағы глюкозаны тез шығармайды. Сондықтан ми үнемі қажетінше қоректенеді.
Сонымен қатар невропатолог мидың денсаулығы үшін майсыз пісірілген ет, балық, сүт өнімдерін жеуге және жеткілікті ұйықтауға кеңес берді.