Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда той жасау үшін несие алуға тыйым салына ма – Қаржы агенттігінің төрағасы жауап берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың тойға несие алуына заңнамалық деңгейде тыйым салуға бола ма деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: fishki.net

Ол ең алдымен қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау керектігін атап өтті.

"Біз конституциямен адамдардың құқықтарын шектей алмаймыз. Ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттілігін дұрыс бағалау керек. Егер ол несие алса, стандарт бойынша оның ай сайынғы төлемдері кірісінің 50 пайызынан аспауы керек.

Сонымен қатар біз қарыз алушы үшін жалпы қарыздық жүктеме коэффициентін енгізбекпіз. Ол ай сайынғы төлемнің қанша екенін ғана емес, кіріске қатысты қарыздың жалпы сомасын да қамтамасыз етеді.

300 мың теңге жалақы алатындар үшін ай сайынғы төлем 150 мың теңгеден аспауы керек. Қазір мұндай есептеулер жүргізілуде. Мысалы 6 жалақыны 300 мың теңгеден алсаңыз, онда барлық қаржы ұйымдарына берешек болуы мүмкін қарыздың ең жоғары мөлшері 1 800 000 теңгеден аспауы керек", – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова қазақстандықтардың несиесі бұрынғыдай кешірілмейтінін жеткізген еді. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 172 500 теңге сомасына берілетін шағын кредитті толығымен алып тастауды ұсынған болатын. 

Талқылау