"Немеремді емханаға өзім апардым": Ажар Ғиният немересінің қызылшаға қарсы екпеден кейінгі жағдайын айтты
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылшаға қарсы вакцинаның қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін немерелерін мысалға келтірді. Министр немересін емханаға өзі апарып, оған ауруға қарсы екпе салдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ОКҚ
“Үлкен немерем 9 жаста, 6 жасында екпе алған. Бұл жұмысты өзім бастадым, емханаға 5 жасар немеремді алып келдім. Екпенің қауіпсіз, тиімді және сенуге болатынын дәлелдедім. Төртінші күні оның дене қызуы көтеріліп, құсу белгілері болды. Дәрігерлер мұны вакцинаға реакция беріп жатыр деп бағалады", –деді министр ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министр екпеден кейін бір күннен кейін әртүрлі симптомдар болғанын айтты. Мұндай белгілердің болуы қалыпты жағдай деп түсіндірді.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі екпе салдырмауға үгіттейтін антиваксерлерге ескерту жасағаны туралы жазған едік.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды