Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Немерелерін арқалап алған Рамазан Стамғазиев жұртты сүйсіндірді

Қоңыр даусымен тыңдарманның жүрегін жаулаған Рамазан Стамғазиев соңғы кездері сахнадан көрінбей кетті. Жыр-термені, дәстүрлі әнді сүйіп тыңдайтын халық әншіні сағынғандарын желіде жиі жазады. Ал Стамғазиев болса соңғы жаңалықтарымен әлеуметтік желіде бөлісіп отырады.

20634982_161518534397825_7487030429686431744_n (1)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда әнші көзтартарлық отбасылық суретімен бөлісті. Суретте әнші бір мезгілде төрт бірдей немересін арқалап алған.

Мұны көрген жұрт Стамғазиевтер отбасына тәнті болды.

“Сондай жылы сурет, ұрпағыңыз көбейе берсін”, “Бұл ең үлкен бақыт”, “Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың деген сурет”, “Батыр ата жасасын”, “Ең бақытты адамсыз”, “Атасының балапандары. Сізге осы немерелеріңіздің тойында қара домбырамен ән айтуды жазсын”, – деп ақ тілектерін жаудырды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханның әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Әйелімен ажырасқан Алан Черкасов өзін балағаттаған жұртқа бар шындықты айтты

Майғазиев шашын бояп, сырға тағатын жігіттерге арнап анекдот шығарды

Жұбаныш Жексенұлы сыртынан әңгіме айтқан Қайрат Нұртасқа өкпелі

Талқылау