Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық БАҚ-қа сұхбат бермейді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бере қоймауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат барысында президенттің баспасөз хатшысына не себепті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сұхбат бермейді? деген сұрақ қойылды. 

"Отандық БАҚ-қа сұхбат бермейді дегенге келіспеймін. Өйткені, "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" газеттеріне сұхбат беріп жүр. Президент көп жағдайда сөзден көрі іске ден қойып, тапсырмалар беріп және оның орындалуын қадағалап жатады. Ал телеарнаға сұхбат беру туралы айтсақ, ол ойда, бұйырса. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Қытай компартиясының төрағасы Си Цзинь Пинь мырза былтыр коронавирус өршіп, Қытайдан пайда болған кезде бір жылдың ішінде халықтың алдына екі-ақ рет шыққан шығар. Ешқандай Қытай азаматты неге біздің Си Цзинь Пинь апта сайын сұхбат бермейді деп мәселе көтергенді көрген жоқпыз. Ол Қытайдың позициясын оның ішінде індетпен қалай күресіп жатқандығын айтты болды. Ал енді қайта-қайта жылтыңдап сұхбат беріп журналистердің алдына шыққанын көрген жоқпыз", - деп жауап берді Берік Уәли Хабар 24 телеарнасына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, ол президентті кез келген іске араластырмау керектігін айтты. 

"Көп жағдайда бізде Батыспен, Ресей, Еуропа елдерінің басшыларымен салыстырады. Олар сұхбат беріп жатыр, бізде неге бермейді деген секілді. Біз өз алдымызға тәуелсіз елміз, өзіміздің жолымыз болуы керек. Баспасөз хатшысы ретінде менің өз ойым, мемлекет басшысы сұхбат бергеннен көрі министрлерден, әкімдер мен агенттік басшыларынан жұмысты көбірек талап ету керек деп ойлаймын. Ал енді әр нәрсеге президентті араластыра берсек, оның басқа да жұмыстары бар. Есесіне жоғарыда аталған кісілердің жұмысын қадағаласа халыққа сол тиімдірек болады деп ойлаймын", - дейді ол. 
 

Талқылау