"Неке жүзігін таққым келмеді": Zheka Fatbelly сүйіктісімен заңды негеге тұрды
Танымал блогер Zheka Fatbelly желідегі парақшасында сүйіктісімен неке қию сәтінен видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/zheka_fatbelly
Бойдақтықпен қоштасқан блогер Жеңіс Омаров сүйіктісімен заңды некеге тұрды.
“Ресми түрде ерлі-зайыптымыз. 15.08.2023. Қазақ еліне +1 отбасы”, – деп жазды Жеңіс Омаров.
Алайда ол неке жүзігін тағуға қарсы болған.
“Жүзікті еш қажетсіз дүние деп ойлайтынмын, таққым келмейтін. Бірақ өзіме ұнайды. Бұл сенің жаңа өмірге қадам басқаныңның белгісі іспеттес”, – дейді блогер.
Сондай-ақ ол өзімен танысқысы келген қыздарға неке жүзігін көрсетіп, бетін қайтаратынын айтып, әзілдеді.
Айта кетейік, бұған дейін блогер сүйіктісіне 2000 дана раушан гүлін сыйлаған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”