Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге үйде жылап отырмағанымды сұрайды": Дана Есеева күйеуіне қатысты қауесеттердің нүктесін қойды

Дана Есеева абақтыда жатқан күйеуі Мейіржан Төребаевтың жағдайы туралы айтты. Қалыпты өмір дағдысын ұстанып, жұмысын жалғастырып, тіпті түрлі іс-шараларға белсенді түрде қатысып жүрген Дана бұл әрекеті үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вайнер Мейіржан Төребаев бірнеше айдан бері қамауда отыр. Ол қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Дана Есеева онымен тұрақты түрде кездесіп тұратынын айтады. 

"Мен Мейіржанның қорғаушысымын және заң бойынша онымен кездесуге құқығым бар. Әрине, рұқсат етілген кездерде оған барып тұруым қалыпты нәрсе. Желіге салмасам, екеуміз кездеспейміз деген сөз емес. 

"Жағдайы қалай?" деген сауалға айтарым, негізінен фильмнің сценарийімен жұмыс істеуде. Әділеттілікке сеніп, балалармен кездесуін күтіп жүр", –  дейді Есеева.



Ал белсенді өмір салтын ұстанатын Дананы кей желі қолданушылары "үйде жылап отырмағаны" үшін сынға алған. Ондай сыншыларға Есееваның берер жауабы бар. 

"Ең орынсыз: "Неге мен үйде жылап отырмай, жұмыс істеп жүрмін?" деген сауалға тек "ол күнге жете алмайсыздар" деп жауап бергім келеді. Ең бастысы, Мейіржан тірі, осыны ұмытпаңыздар. 
Әйел ретінде әлсіздігімді көрсетпегенім үшін ызаланып жүрген еркектер, маған өз ойларыңызды таңбаңыздар. Сіздер солай жасасаңыздар, мен жасамаймын",  – деді Дана. 

Талқылау