Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге Голливудпен өзіміз келіспейміз": Баян Мақсатқызы кинотеатрлардың жабылуына алаңдаушылық білдірді

Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісі өз жұмысын тоқтатады деген жаңалық киносүйер барша қазақстандықтарды жабырқатты. Сол сияқты кино саласында жұмыс істейтін мамандар да алаңдаулы. Мәселен, Баян Мақсатқызы Голливудпен тікелей келісуге болатынын айтып, мәдениет және спорт министрлігіне өз ұсынысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бірінші сәуірден бастап "Кинопарк" желісі жабылатынын біліп, көңілім түсіп кетті. Бірақ шығар жол табуға болады деп ойлаймын. Неліктен голиивудпен өзіміз келіспейміз? Өзіміз дубляждай алмаймыз ба? Мен, мысалы, бұл істі жақсы атқарамын. 

Мәдениет министрлігінен бұл сұрақты назардан тыс қалдырмауды сұраймын. Себебі бұл ақырында Қазақстанның бүкіл киноиндустриясының күйреуіне алып келеді. Біз отандық кино түсіруді қоямыз, ал ол дегеніңіз мыңдаған адам жұмыссыз қалады. Одан бұрын, мәдени-білім беру салаларының құлдырауына әкеледі", - деп жазды продюсер желідегі парақшасында. 



Көпшілік продюсердің ойымен келісіп, оны қолдайтынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы Kinopark кинотеатрлар желісінің жабылуы салдарынан 800 қызметкердің ақысыз демалысқа жіберілгенін жазған едік.

 

Талқылау