AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісі жабылады

Ресей арқылы жұмыс істейтін шетелдік кинокомпаниялардың Қазақстанға фильм беруден бас тартуына байланысты Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кинотеатр

Актриса, продюсер Құралай Анарбекова Instagram-да Kinopark Multiplex Cinemas бас директоры Алмаз Малдыбаевтың мәселеге қатысты түсіндірме беретін видеосын жариялады.

 “Иә, өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда. Яғни, 1 сәуірден бастап кинотеатрларда көрсетер ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге дейін жабылуға мәжбүр. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл шындық", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.



Айта кетейік, Голливуд студиялары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейде фильмдерді прокатқа шығарудан бас тарта бастады. Мұндай шешім туралы Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Bros студиялары жариялады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр