Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы қалай өзгереді
Зейнетақы қорындағы жинаққа салымшыларға берілетін үстеме табыс түсті. Ал қаражатты шешіп алуға 15 жұмыс күні ғана қалды. 1 сәуірден бастап, қорда қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Жасы 25-тегілер үшін наурыздың соңына дейін шотта 2 млн 90 мың теңге қалуы тиіс, қалғанын шешіп алуға болады, сәуірден бастап бұл шек 3 млн 730 мың теңгеге дейін көтеріледі.
"Бұл - ең сәтсіз шешім": Сарапшылар зейнетақы қорының жеткілікті шегінің артуы жайында айтты
35 жастағылардың шекті сомасы 2 млн 940 мыңнан 5 миллионға көтерілсе, 45 жастағылар 3 млн 930 мыңнан 6,5 млн теңгеге көтеріледі. 55 жастағы тұрғындардікі 5 миллионнан 8 миллион теңгеден асып жығылады.
Еске салсақ, елімізде 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артатыны туралы белгілі болған еді.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады