Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл - ең сәтсіз шешім": Сарапшылар зейнетақы қорының жеткілікті шегінің артуы жайында айтты

Елімізде 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артатыны туралы белгілі болған еді. Қазақстандық сарапшылар осы өзгерістерге байланысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатын білім алуға қалай пайдалана алады

Қаржылық талдаушы Андрей Чеботарев билік тарапынан қабылданған бұл заңның "ең сәтсіз шешім" екенін айтады. Оның айтуынша, мемлекет бұл шешімді қабылдарда ешкімнің талқысына салмаған.

"Шынын айту керек, біз соңына дейін мұны қателік деп санап, жеткілікті шегінің артуын мүмкін емес деп ойладық, алайда шынымен осылай болып отыр. Бұл шешімді қабылдарда билік ешкімнің талқысына салған жоқ. Ешқандай жерде жарияланған да жоқ. Әлі күнге дейін ашық талқыланып жазылып жатқан жоқ", - дейді сарапшы.

Андрей Чеботарев сонымен қатар бұл шешім бүкіл коммуникациялық саясаттың оның ішінде зейнетақы жүйесімен қоса қордың да құлдырағанының көрінісі екенін қосып өтті.



"Мұндай өсім туралы заңдар инвестициялық жоспарды орындай алмайды, керісінше байлардың байи түсуіне, ал кедейлердің кедейлене түсуіне жол ашады. Егер бұрын салымшылардың 7 пайызы профицитке қол жеткізе алса, енді ол 3 пайызға да жетпейтді. Зейнетақы төлемдерінің экономикаға әсерін барынша азайтқымыз келсе, онда бағдарламаны толығымен жабу қажет", – дейді Чеботарев.

Сарапшының сөзінше, шекті арттыру шешімі "Отбасы банкі" тұрғын үй депозитіне ақша аудару туралы заң қабылданғанға дейін жүзеге асырылатындықтан, салымшылардың көбісінің наразылығын туғызады.

"Осылайша "әділ" жолмен еңбек етіп қор жинаймын деген адамдардың мүмкіндігіне нүкте қойылды", - деп түйіндеген Чеботарев Facebook желісіндегі жазбасын.

Саяси сарапшы Ғазиз Әбішев те Telegram арнасында өз пікірімен бөліскен.

"Мемлекет зейнетақы жинағындағы ақшасын кейінірек үй аламын деп тиіспеген адамдардың үмітін желге ұшырды. БЖЗҚ жеткіліктілік шегін 70 пайыздан асырып жіберді. Билік құрылыс нарығын ақшаға толтырды, зейнетақы қорын босатты, жоғары жалақы алатын топтар үшін жинақтағы ақшасын алу үшін мүмкіндік берді – енді сақтық пен үнемшілдікті іске қосатын кез келді", - деп жазады Әбішев.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегі айтарлықтай арттырылатыны туралы жазылған болатын. БЖЗҚ сайтындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдан бастап 20 жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегі 3,1 миллион теңгені құрайды. Қазір ол – 1,7 млн теңгеге тең. 

Талқылау