Роза Әлқожаға тыңдарманы Алматыдан пәтер сыйлады
Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай тыңдарманы әнші Роза Әлқожаға қымбат сый жасады. Белгісіз азамат концерт үстінде әншіге пәтер сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болған оқиғаны концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді.
"Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", - деп баяндады ол.
Ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.

"Дұрыс көлік те жоқ екен-ау": Роза Әлқожа бар тапқанын өнерге жұмсағанын айтты
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ