AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаңтар оқиғасынан кейін концерт өткізген орынды ма?": Әншілер мен тұрғындар пікір білдірді

Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін халық толық есін жиып, еңсесін көтермей жатып, әншілер думанды кештерін өткізуді бастап кетіпті. Ел-елді аралап, концерттік кештер өткізіп жүрген "жұлдыздардың" дені сұхбат беруге де уақыт таппай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Роза

Қаңтардағы бүліктен кейін небәрі екі-ақ ай өтсе де, халықтың көңілін аулап жүрміз деген әншілер ел-елді аралап, кеш өткізуді бастап кеткен екен. Мәселен, Роза Әлқожаның 8 наурыз күні Республика сарайында концерті өтеді. “Дайындығым жоғары” деген "жұлдыз" 6 наурызда Таразда болып, бір күннен соң Алматыда дүркіретіп концерт өткізбекші. “Жарасы жазыла қоймаған жұрттың алдында ән айтып, би билеуге ерте емес пе?” деген сауалға өнер иесінің өз жауабы бар. 

"Кешегі қаңтар қырғынынан кейін біздің халықта бір үрей, бір уайым бар, сондай бір көңілдері төмен. Халықты жігерлендіру керек шығар деп ойлаймын. Мына елге деген махаббатымызды айтып. Енді бәрі болса деп ойлап жатырмын. Ойландыратын да әндер. Жұбататын да әндер. Көңіл көтеретін де әндер", – деді әнші Роза Әліқожа. 

Мереке күндері жұлдыздардың жұмысы тым қауырт. 6 наурыз жас өнерпаз Мирас Жүгінісовтің концерті жоспарланыпты, 8 наурыз "Шымкент шоу" жаңа бағдарламасын көпшілікке ұсынбақ. Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербектің де лайф концерті өтеді. Айқын мен Раймның да ән кеші болады деп жоспарланып отыр. Мұндай кештерді халық та қолдайды екен. 

"Қаңтар оқиғаларынан кейін халықты жұбату үшін керек сияқты. Мейрам қажет", – деді Алматы тұрғыны. 

"Мейрамға қарсы өткені дұрыс шығар. Көпшілік көңілін көтерсін", –  деп қосты тағы бір тұрғын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр