Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не істейсіздер менің ақшамды санап": Шавкат Рахмонов табысы туралы сұраған журналиске шүйлікті

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com

Спорт Шредингера Telegram арнасында Шавкат Рахмоновпен өткен баспасөз конференциясының видеосы жарияланды. 

Журналистер отандық спортшыдан соңғы жекпе-жегінде қанша табыс тапқанын және қарсыласы Стивен Томпсонның 416 мың АҚШ долларын алғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады. 

“Ол ақпарат шықдыққа жанаспайды. Мүмкін ол менен көп алған шығар. Менің білетінім, Томпсон ол ақпаратта жазылғаннан ақшадан көп алды. Өз табысым туралы айта алмаймын. Келісімшарт бойынша жариялауға болмайды. Не істейсіздер менің ақшамды санап”, – деді Рахмонов.

Еске салсақ, бұған дейін Шавкат Рахмонов Лас Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде американдық спортшы Стивен Томпсонды жеңгені туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау