Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде күдікті деп танып Қайрат Сатыбалдыұлын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Дәл қазір тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Саясаттанушы Ербол Еділовтың мәліметінше Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдан Түркияға жеке ұшағымен ұшу барысында ұсталған.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғаларынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған