Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Медведевті Ресей Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Сіз Ресей Үкіметінің басшылығында қызмет етіп, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының көтеріле түсуін және мемлекеттің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын қамтамасыз ететініңізге сенімім мол.

Екі ел арасындағы бір-біріне деген құрмет, тату көршілік пен тең құқылы ынтымақтастық ережелері негіз болған стратегиялық қарым-қатынастар мұнан кейін де халықтарымыздың игілігі жолында нығаятынына және әрі қарай дами түсетініне сенімдімін.

Сізге денсаулық пен амандық, жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, сонымен қатар достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны

Ақтау полициясы балаларға оқ атқан ер адамға қатысты пікір білдірді

Мамырда жауған қар: Алматы облысында құтқарушылар жолда қалған 60 қытайлықты құтқарды (фото)

Талқылау