Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Ресейге ТМД мемлекет басшыларының саммитіне қатысуға барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық кеңес отырысына қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Екі мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылап, Назарбаев Ресей барлық сфера бойынша Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып қала беретінін жеткізді.

“Ресей экономикасындағы санкцияға байланысты қиындықтар бар екеніне қарамастан, біз тек алға жылжимыз”, – деді Назарбаев,

“Үсті-үстіне болған кездесулер, пікір алмасулар ешқандай сауалды шешімсіз қалдырмайды”, – деп атап өтті Елбасы. Сонымен қатар, президент Қырғызстандағы сайлауға араласып, кандидат Бабановты қолдады деген пікірге қатысты “Мұның бәрі өтірік” деп жауап берді.

Тағы да оқыңыз:

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Талқылау