Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны туралы ақпарат желіде желдей есіп жүр. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Назарбаевтың қан материалдарынан коронавирусқа вакцина әзірлеу туралы интернетте таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мәніне сәйкес осы ақпартақа тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде барлық шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген ресми хатта.
Сондай-ақ, азаматтардан әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа алданбауды және тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрады министрліктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге саламыз, жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан