Назарбаев Бурабайдағы тым қымбат бағаға реніш білдірді
Ақордада Ақмола облысының әкімін қабылдаған Назарбаев, Мәлік Мурзалиннен аймақтағы туристік мүмкіндіктерді көтеруге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сұрады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қазақстан президенті “Бурабай” курорттық аймағындағы туристік қызметтерді ұсыну бойынша сапаны жоғарылатуды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы қызмет сапасымен сай келмейтін қымбат бағаны сынға алды.
“ЭКСПО-2017″ өтіп жатқан сәтті пайдаланып қалу керек. Әсіресе, шет мемлекеттерден көптеген туристер келіп жатыр. Экожүйеге сеніп отыра бермей, адамдардың демалысы үшін заманауи қызметтер ұсыну керек”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруды және кенежелеп қалған салаларды дамытуды тапсырды.
Аймақтың туристік қабілетін арттыра түсу үшін жасалып жатқан жұмыстармен таныстырған облыс әкімі, президентті алдағы жоспарларымен де таныстырды.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі өзгеріп, Энрике Иглесиас концерт береді: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады