Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай мен аптап ыстық: 17 облыста, Астана мен Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 30 маусымға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: klike.net

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстанның солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашын болмайды. Ел бойынша ортақ табиғи құбылыс - найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпін алуы. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл соғады деп болжанды”, – делінген хабарламада. 



Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, ШҚО-ның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 27-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялаған еді. 

Талқылау