Найзағай, бұршақ жауып, жел болады: Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның 2021 жылдың 24-26 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел аумағында алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады.
“Атмосфералық фронттардың өтуімен, республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағай, бұршақ, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда: батыста түнде 17-22, күндіз 32-39 жылы, солтүстікте түнде 13-18, күндіз 30-35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 11-17, күндіз 27-33 жылы, оңтүстікте түнде 15-22, күндіз 32-39 жылы”, – дейді синоптиктер.
Бір автобусқа 58 миллион теңге: "ҚазМұнайГаз" 1 миллиард теңгеге жуық қаржыға көлік алмақ
Компания мәліметінше, автобустардың басты айырмашылығы олар қолданатын отын түрінде
Астаналық әйел жекеменшік балабақша қызметкерін баланы ұрып-соқты деп айыптады
Қазір балабақшада қызметтік тексеру жүріп жатыр