AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай бір күнде 20 адамның өмірін қиды

Үндістанның Бихар штатында аптап ыстықтан кейін болған найзағай 20 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Штаттың бас министрі Нитиш Кумар аймақтағы адамдарды қауіпсіздікте болуға және үкіметтің ұсыныстарын орындауға шақырды. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына 400 мың рупий (2,3 миллион теңгеден астам) көлемінде өтемақы төленетінін хабарлады.

Кумар сонымен қатар шенеуніктерге электр разрядтарын жерге бағыттайтын және олардың басқа нәрсеге құлап кетуіне жол бермейтін құрылғыларды орнатуды тапсырды.


  • Атыраудағы зауыт жұмысының кілт тоқтауына электр желісінің ажырауы себеп болған - Энергетика министрлігі


Басылымның мәліметінше, жыл сайын мыңдаған үндістер найзағайдың құрбанына айналады. 2019 жылы найзағайдан 3000-ға жуық адам қайтыс болса, 2021 жылы Үндістанның Уттар-Прадеш, Мадхья-Прадеш және Раджастхан штаттарында бір күнде найзағай 70 адамның өмірін қиған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр