"Найзаға ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады": Синоптиктер 12 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер Қазақстан бойынша 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay
Қазгидромет мамандарының айтуынша, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау қалаларының тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.
Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді. Қазақстан бойынша батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ жауады. Батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады", – делінген синоптиктер хабарламасында.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1,3 градус суықты көрсетеді.
“Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау қаласының орталығында, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары. Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі сақталады, Қызылорда облысы Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі жоғары болады”, – делінген хабарламада.