Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нағыз мұқтаждық су тартылғанда басталады": Алтынай Жорабаева жиналған қаражатты жөнсіз жаратпауға шақырды

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева зардап шеккен ағайынға қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Сондай-ақ өнер иесі ел басына күн туып жатқанда үнсіз отырмағанын алға тартты. 

“Қазір бір дүрбелең соғып тұрған уақыт болып тұр… Елімізде, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты біраз ойым жинақталып тұр. Отырып жазуға, жаңадан босанған ана болған соң, уақыт тапшы болып жатыр… Жалпы жекеге “неге үндемей отырсыз, неге көмек бермей жатсыз?” деп жазып жатқан жандар өте көп. “Оң қолың бергенді сол қолың білмесін” дегендей, неге бергенімді айтып, жасаған жақсылыққа берілетін сауапты осы дүниеде тастап кетуім керек? Жариясыз жасағанды көбірек құптаймын. Одан бөлек, өнер адамдары жиналып, ортақ чат ашып, ол жақта да қаржылай көмек жиналып жатыр. Қиын жағдайға тап болған аймақтардан хабар алып отырмыз. “Әзірге тамақ, керек-жарақтың барлығы жетерлік. Нағыз мұқтаждық осы ажиотаж басылғанда, су тартылғанда басталады. Соған жұмсаған жөн” деген хабар алдым. Дегенмен де,  біраз өнер адамы сол аймақтарға өздері барып, көзбен көріп, ары қарай жиналған қаржыны қаржылай, немесе заттай үлестіреміз деп отыр. Жалпы ел басына күн туғанда кімнің қанша теңге бергені маңызды емес, қалай бергені маңызды”, – деп жазды өнер иесі.



Айта кетейік, төтенше жағдайды жою үшін іске қосылған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері, әкімдіктер басым тәртіппен жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Құлсарыда су астында қалған үйін көруге кеткен әкесі мен ұлы жоғалып кеткені айтылды. 

Талқылау