"Нағашы болуды армандайтын": Фариза Төреәлі ағасы Төреғалидың қуанышты жаңалықты естігендегі эмоциясын көрсетті
Танымал блогер Фариза Төреәлі ана атанғанын сүйіншілеген болатын. Жеке парақшасына ана болатынын ерекше жеткізген блогер жақындарының реакциясын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында блогерден қатерлі ісікке күдік бары анықталып, Түркия елінен емделіп келген болатын.
“Ағам мен жеңгемнің және Динок пен Кәусарымның реакциялары. Нағашы болуды армандайтын және көп дұға ететін. Жақындарымның және халықтың дұғасы қабыл болды. Үміт үзбеу керек ерекше мейірімді, шексіз рахымды Раббымыздан. Алла біздің қол жайып, одан көп сұрағанымызды жақсы көреді. Алла бізге мұқтаж емес, оған біз мұқтажбыз. Аяқ-киімнің бауына дейін сұраңдар деген хадистерде, сондықтан дұға атты қаруды қолданайық, мұсылмандар. Қолын жайып сұраған пендесінің қолын қайтаруға ұялады екен Алла... көп сұрайық, көп дұға етейік және үміт үзбейік", – деп жазды Фариза.
Желі қолданушылары жантебірентер көрініске жылы лебізін жарыса жазып жатыр. Тіпті танымал өнер жұлдызы Төреғалидың көңілі босағанын да байқаған.
"Ағасы жылауға сәл қалды", "Әрине, көп күткен сәбиді жасырған дұрыс, тіл көз бар дегендей. Көп блогерлер ішін көрсетіп салатын контентке адамдар үйреніп қалған ғой. Бауы берік болсын. Алла тағал екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Ағаңыз дұғада болған-ау, шок болып қалды ғой, дұғам қабыл болды-ау Алла дегендей", "Жыламай көру мүмкін емес", "Қуаныштын көз жасы болсын әрқашан, ана болу бақытын тілегенге тілеймін", – деді оқырмандары.
Ал Төреғалидың өзі тілеулес болған халыққа алғыс айтып, сәбиге ақ жарма тілегін жеткізді.
"Баяғыда бір жеңешеміз "Тым жақсы ұл туайын деп жатыр едім, улап-шулап қыз туғыздыңдар ғой" деген екен. Қуанышымызды бөлісіп, құттықтап жатқан ағайын, Алла бақтарыңызды еселей берсін! Алланың қалауымен нағашы болып жатырмыз! Аллахым салиқалы сәби берсін, сәби құран жаттаған қари болсын, уа ағайын Дархан мен Фаризаның, осы бір қуанышын әр үй көрсін", – деп жазды өнер иесі.