Мұздықтар 50 жыл ішінде жылдам еріп Германия көлеміндей бөлігін жоғалтқан
Фото: pexels.com
БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының өкілі Клэр Нуллис 50 жылға жуық уақыт ішінде әлемдегі мұздықтардың көлемі 9 триллион тоннаға азайғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ТАСС” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
9 триллион тонна еріген мұздық шамамен Германияның көлемімен бірдей.
"Дүниежүзілік мұздықтарды бақылау қызметінің бағалауы бойынша,1975 жылы бақылау басталғаннан бері барлығы 9 триллион тоннадан астам мұздық көлемін жоғалтты. Бұл Германияның көлеміндей және қалыңдығы 25 м болатын үлкен мұз блогына тең", – деді Клэр Нуллис.
Оның айтуынша, соңғы жылдары әлем мұздықтардың рекордтық жылдамдықпен еріп, шегініп жатқанына куә болды.
БҰҰ өкілі мұздықтар мен мұз қабаттары әлемдік су ресурстарының шамамен 70% -н сақтайтынын еске салды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған